Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Тұрғындар көтерген мәселелер толық шешімін тапқанша бақылау, құзырлы мекемелерге хабарласып, талап ету – біздің мақсатымыз» - кандидат Ақылбек Құлбарахов

«Тұрғындар көтерген мәселелер толық шешімін тапқанша бақылау, құзырлы мекемелерге хабарласып, талап ету – біздің мақсатымыз» - кандидат Ақылбек Құлбарахов

«Менің ойымша, депутат халықтың өз ішінен шығып, барлық жағдайын көрі, естіп жүрген адам. Оның мақсаты – халықтың үні болу. Себебі халық «Менің сөзімді айтады, проблемамды шешеді», - деп оны таңдады. Атырау қаласы мәслихатының депутаттығына №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Ақылбек Құлбараховтың өмірлік ұстанымы осындай.

«Қарапайым отбасынан шықтым, ата-анам өмір бойы еңбек етті. Тек адал еңбек, маңдай тер, айналаңа қол ұшын беру, көмектесу – бала кезімнен көріп өскен, бойыма сіңірген принциптерім», - деген Ақылбек Нұрболатұлы – еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған, бүгінде бірнеше серіктестіктердің басын біріктірген табысты кәсіпкер.

Атырау политехникалық колледжін, кейін Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша тәмамдаған және Орал қаласындағы БҚИТУ «Құрылыс» мамандығын үздік бітірген ол түрлі лауазымдардан басшылық лауазымға дейін шет елдік мекемелерде жұмыс атқарды.

2014 жылдан бастап «Bek Consulting» мекемесін құрып кәсіпке бет бұрған ол – қазіргі таңда 50-ден аса жоғары білікті қызметкерлері бар: «Bek Consulting» ЖШС, «Bek Industry Group» ЖШС, «Bek Engineering» ЖШС, ПТК «ВЕК» ЖШС-терінің негізін қалаушысы және  құрылтайшысы.

Өз сайлауалды бағдарламасында сайлау округінің шекарасына кіретін Геолог, Бірлік ауылдары мен Мирас тұрғын үй алабының дамуын көздейтін негізгі бағыттарды айқындаған.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында халықпен тікелей кездесіп, ауылдарды аралауда. 

«Тұрғындар көтерген мәселелер толық шешімін тапқанша бақылау, құзырлы мекемелерге хабарласып, талап ету – біздің мақсатымыз», - дейді кандидат Ақылбек Құлбарахов. 

AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады