Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы орталығындағы 11 ойын-сауық орны полицияның ерекше бақылауында

Алматы орталығындағы 11 ойын-сауық орны полицияның ерекше бақылауында
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Алматы қаласының орталығындағы 11 ойын-сауық орны орналасқан аумаққа байланысты полицияға 167 шақырту түскен. Әңгіме Назарбаев даңғылының 120 және 124-үйлерінде орналасқан нысандар туралы болып отыр. Аталған мекенжайларда барлар, кафелер және өзге де ойын-сауық орындары жұмыс істейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл аумақ полицияның тұрақты бақылауында. Бұған жақын маңда тұратын тұрғындардың қоғамдық тәртіп пен тыныштықтың бұзылуына қатысты көптеген шағымдары мен хабарламалары себеп болып отыр.

Жыл басынан бері анықталған құқық бұзушылықтар бойынша полицейлер 257 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар нысан басшыларына қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар берілді.

Алайда қабылданған шаралар барлық жағдайда тиісті нәтиже бермеген. Қажетті талаптарды орындамағаны немесе атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсынбағаны үшін нысан басшыларына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша тағы 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, аталған аумақтағы ахуал полицияның жіті бақылауында. 

- Бұл аумақ полицияның ерекше бақылауында. Біз тек жасалған құқық бұзушылықтарға ғана емес, тыныштық пен қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты тұрғындардың шағымдарына да жедел ден қоямыз.

Ойын-сауық орнын ашып, оның жұмысын ұйымдастыру нысан иелері мен басшыларына сол аумақтағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жауапкершілігін де жүктейді. Мұны әрбір кәсіпкер түсінуі қажет.

Біздің басты міндетіміз – жақын маңдағы тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. Осыған байланысты құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін нысандарға қатысты алдын алу және бақылау шаралары тұрақты түрде жалғаса береді, – деді Тимур Ноғайбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді