Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Bala Fest: Астанада 200-ге жуық бала спорт пен шығармашылықтан сынға түсті

Bala Fest: Астанада 200-ге жуық бала спорт пен шығармашылықтан сынға түсті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 15 жасқа дейінгі балалардың басын қосқан Bala Fest фестивалі өтті. «Астана» саябағында ұйымдастырылған шарада 200-ге жуық жас қатысушы спорт, робототехника және шығармашылық бағыттар бойынша 11 түрлі сайыста бақ сынап, қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелері туралы пайдалы ақпарат алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас қатысушылар VEX робототехникасы, робо-сумо және робофутбол бойынша шеберлік сабақтары мен сайыстарда бақ сынады. Сондай-ақ асық ату, ерекше асық ойнау әдісі арқылы инклюзивті балаларға бейімделген бочча, ләңгі тебу, жерде сурет салу және басқа да қызықты ойындар қарастырылған.

«Жаз мезгілінде балаларға арналған KIDS RUN жүгіру іс-шарасын 4 мәрте ұйымдастырдық. Мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларды толықтай қамтыдық десек болады. Енді оқу жылы басталған сәтте білім мен спортты байланыстырып, алғаш рет 200 баланың қатысуымен Bala Fest фестивалін өткізіп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, жақында ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні де болашақтың басты бағыты ретінде атап өткен болатын. Осындай идея біздің шарамызға белсенді қатысып жатқан ата-аналардың бастамасы дегім келеді. Енді алдағы уақытта да шараларды жалғастыратынымызға сенімдіміз», – деді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Бұдан бөлек, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшедегі қауіпсіздік пен жауапкершілік жөнінде түсіндіру жүргізді.

«Бүгінгі фестивальді әлеуметтік желіден оқып, келдім. Маған ұнады. Балалар өте көп. Мерекелік атмосфера сезіледі. Жеке өзім жаз бойы балаларға арналған жүгірістерге белсенді қатыстым. Бүгін жерде сурет салу байқауында сынға түсуге шешім қабылдадым», – деді 8-сынып оқушысы Гүлжан Тұрғанбай.

Айта кетейік, фестивальге 15 жасқа дейінгі балалар қатысты. Сайыстар қорытындысында үздіктер анықталып, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді