Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаслан Мәдиев Binance негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен цифрлық экономиканы талқылады

Жаслан Мәдиев Binance негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен цифрлық экономиканы талқылады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен (CZ) Alem.ai халықаралық ЖИ орталығында кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ цифрлық және есептеу инфрақұрылымын дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде Қазақстан цифрлық активтер нарығын дамытудың келесі кезеңіне, яғни, реттеуші ортаны қалыптастырудан инфрақұрылым мен практикалық шешімдер құруға көшуде. Біздің міндетіміз – жаңа қаржы технологиялары экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа цифрлық сервистердің пайда болуына ықпал ететін жағдай қалыптастыру. Жаһандық технологиялық компаниялармен әріптестік бастамаларды нақты жүзеге асыруға жеделірек көшуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Сапар барысында делегация Alatau City аумағында CryptoCity тұжырымдамасын және еліміздің ЖИ саласындағы өңірлік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған Data Center Valley жобасын ұсынды. Сонымен қатар Binance Pay компаниясының Alatau City Bank-пен серіктестігі таныстырылып, Қазақстан Республикасының  жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және АХҚО-мен екі меморандумға қол қойылды.

Алғашқы құжат цифрлық активтер, цифрлық және есептеу инфрақұрылымы, сондай-ақ инновациялық төлем шешімдері салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Негізгі бағыттардың қатарында Қазақстанда стейблкоин шығару, цифрлық активтерді пайдалана отырып төлем жасау инфрақұрылымын одан әрі дамыту, цифрлық активтер саласындағы салықтық және сот төрелігіне қатысты тәсілдерді жетілдіру, сондай-ақ жаңа өнімдер мен сервистерді енгізу бар. Екінші құжат Инвестициялық салықтық-резиденттік бағдарлама шеңберінде ынтымақтастықты дамыту туралы болып отыр.

Өз кезегінде Чанпэн Чжао Қазақстанның бастамаларының ауқымына жоғары баға беріп, технологиялық нарыққа қажетті кадрларды даярлауға бағытталған Astana Hub-тың білім беру жобалары – TUMO Astana мен Tomorrow School-ға барды.

«Бүгінде Қазақстан цифрлық экономиканы өте қарқынды дамытып келеді. Технологияларды, білім беруді, инфрақұрылымды және қалалық ортаны дамытудың жаңа тәсілдерін біріктіретін жобалардың ауқымы ерекше әсер қалдырады. Осы бастамалардың іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын өз көзіммен көру және Қазақстан өкілдерімен елдің технологиялық экожүйесін одан әрі дамыту мәселелерін талқылау мен үшін маңызды болды», — деді Чанпэн Чжао (CZ).

Кездесу қорытындысы бойынша қол қойылған келісімдер мен таныстырылған инфрақұрылымдық жобалар Қазақстанның нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырудан цифрлық қаржы шешімдерін практикалық тұрғыда енгізуге, бейінді кадрлар даярлауға және елдің өңірдегі жетекші технологиялық орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға дәйекті түрде көшіп келе жатқанын көрсетті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді