Алматының Медеу ауданында аула аумақтарын көркейту және ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Биыл тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 16 аула аумағын жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында мына мекенжайлар бойынша 6 жоба қолға алынған:
* Мақатаев көшесі, 53 – Пушкин көшесі, 35;
* Достық көшесі, 47 – Қабанбай батыр көшесі, 65;
* Думан-2 шағынауданы, №25-26 және №29-30 үйлер;
* Қонаев көшесі, 4 – Уәлиханов көшесі, 9;
* Нүсіпбеков көшесі, 10;
* Қалдаяқов көшесі, 49 және 51 – үй маңында қоршау орнату.
Жаңарту кезінде балалар мен тұрғындар жиі пайдаланатын аумақтардың қауіпсіздігі мен қолайлылығына баса назар аударылып отыр. Мәселен, Думан-2 шағынауданындағы №25-26 және №29-30 үйлердің ауласындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Балалар алаңындағы резеңке жабын толық жаңартылып, жаңа ойын құрылымдары орнатылды. Орындықтар жөнделіп, аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршау қойылды.
Аула аумақтарын ағымдағы жөндеу аясында тағы 10 жоба жүзеге асырылып жатыр:
* Самал-1 шағынауданы, №37-40 үйлер;
* Достық көшесі, 294/2;
* Сәтбаев көшесі, 10;
* Зенков көшесі, 86;
* Назарбаев даңғылы, 48;
* Құлжа тас жолы, 2А;
* Янушкевич көшесі, 18/16;
* Потанин көшесі, 6;
* Қонаев көшесі, 110;
* Қажымұқан көшесі, 16/1.
Жөндеу барысында балалар алаңдары, жабындар, орындықтар, қоршаулар және басқа да көркейту элементтері жаңартылып, ретке келтіріледі. Негізгі мақсат – аулалардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.