Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көксу қант зауытының өңдеу қуаты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін артады

Көксу қант зауытының өңдеу қуаты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін артады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстанда қант қызылшасын жинау науқанына және одан кейінгі өңдеу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осы саладағы белгілі кәсіпорындардың бірі – Көксу қант зауытында жаңа өнімді қабылдауға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда кәсіпорынның өңдеу қуаты тәулігіне 2 мың тонна. Жаңғырту жұмыстарының арқасында бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың қазан айында тәулігіне 3 мың тоннаға дейін ұлғайтылады деп жоспарлануда.

Қыркүйек айының соңында кәсіпорында жаңадан орнатылған диффузиялық жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталады.

Сонымен қатар өндірістік зертхананы жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қант қызылшасының қоспалылығын және қанттылығын анықтауға арналған жаңа құрылғы қойылды.

Шикізат қабылдау үшін кәсіпорын аумағында бес БУМ машинасы әзір тұр. Дайындық жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес сапалы қолға алынып жатқаны жаңа өнімді уақтылы қабылдап, өңдеу кезеңінде кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудің кепілі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі зауыттарды қант қызылшасын өңдеу маусымына дайындау жұмыстарын үйлестіруді жан-жақты қолға алуда.

Атап айтқанда, қазан айында Тараз қант зауытында тәулігіне 3 мың тонна өнім өңдейтін желі орнату жұмыстары аяқталады.

Сонымен қатар министрлік қант қызылшасы егілетін алқаптардың көлемін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Биыл қант қызылшасы 23,8 мың гектар алқапқа егілді. Негізгі егіс алқаптары Жамбыл облысы мен Жетісу облысында шоғырланған.

Аталған шараларды іске асыру өндіріс көлемін ұлғайтуға және отандық өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуатын тиімді пайдалануға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді