Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте өңдеу қуаты жылына 1 млн тонна болатын қант зауытының жобасы таныстырылды

Үкіметте өңдеу қуаты жылына 1 млн тонна болатын қант зауытының жобасы таныстырылды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен қант зауытын салу бойынша инвестициялық ұсыныс таныстырылды. Жобаны «К-Агро Холдинг» және «Бәйтерек» холдингі жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Болашақ зауыттың орны Жамбыл облысында деп белгіленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, зауыттың өңдеу қуаты тәулігіне 8-10 мың тоннаны құрайды, бұл жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеуге және 130 мың тоннаға жуық қант өндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңдеу қуатын арттыру үшін жұмыс істеп тұрған қант зауыттарына жаңғырту жүргізілуде. Бұл жұмыс жаңа зауыттың құрылысымен бірге Қазақстанға қант бойынша импортқа тәуелділікті кезең-кезеңімен төмендетуге және қант қызылшасынан тереңдете қайта өңделген өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда қант қызылшасын өңдеу бойынша жалпы тәуліктік қуаты 8,7 мың тонна және 2,4 мың тонна қамыс құрағын өңдейтін 4 қант зауыты жұмыс істейді.

2023 жылы республикада қантты ішкі тұтыну көлемі 507 мың тоннаны құрады. Ел қажеттілігінің негізгі көлемі ЕАЭО елдерінен дайын қантты импорттау және қамыс құрағын өңдеу есебінен қамтамасыз етіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді