Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова Қараөткел ауылындағы IT-мектептің алғашқы қоңырау салтанатына барды

Жұлдыз Сүлейменова Қараөткел ауылындағы IT-мектептің алғашқы қоңырау салтанатына барды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысы Қараөткел ауылындағы IT-мектепке барып, жаңа оқу жылына арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

1200 оқушыға арналған мектеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Мұнда 60 оқу кабинеті, STEM-зертханасы, физика, химия және биология пәндеріне арналған мамандандырылған кабинеттер, IT-сынып, робототехника және хореография кабинеттері, сондай-ақ екі спорт залы бар. Жұлдыз Сүлейменова оқушыларды, педагогтер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ерекше тілегін білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде мектеп инфрақұрылымын дамыту, балаларға сапалы білім алу үшін қауіпсіз әрі заманауи жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. 2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн бала білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала алғаш рет 1-сыныпқа барды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді