Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық прокурорлар әкімшілік сотта қандай істерге қатысатынын түсіндірді

Елордалық прокурорлар әкімшілік сотта қандай істерге қатысатынын түсіндірді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Қазақстан Республикасының прокуратурасы сот қызметінің әртүрлі салаларында өз өкілеттіктерін жүзеге асырады. Қылмыстық және азаматтық істермен қатар, прокурорлар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік істерді қарауға қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі мақсаты – жария-құқықтық қатынастар саласында заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Жасұлан Түстікбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, прокурордың әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысуының құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы және ӘРПК құрайды.

ӘРПК-нің 31-бабына сәйкес прокурор заңда көзделген жағдайларда әкімшілік іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысады. Бұл ретте ол даудың тараптарының өкілі болып табылмайды және олардың ұстанымына тәуелсіз әрекет етеді.

«Прокурор өз ұстанымын заң талаптарына, іс бойынша анықталған мән-жайларға және сот зерттеген дәлелдемелерге сүйене отырып, дербес қалыптастырады. Оның қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды. Түпкілікті шешімді сот дербес қабылдайды», – деді Жасұлан Түстікбаев.

ӘРПК-ге сәйкес прокурорлар әкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарауға қатысады. Олардың қатарында:

* салық қатынастарына қатысты істер – салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларға, камералдық бақылау нәтижелеріне және ҚҚС-қа қатысты шешімдерге шағымдану;
* кеден қатынастарына қатысты істер – кеден органдарының шешімдері мен хабарламаларына, кедендік төлемдер мен өсімпұлдарды төлеу туралы талаптарға шағымдану;
* бюджет қатынастарына қатысты істер – мемлекеттік сатып алуды өткізуге және оның нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағымдану;
* қоршаған ортаны қорғау саласындағы істер – экологиялық органдардың нұсқамалары мен өзге де актілеріне, сондай-ақ экологиялық бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағымдану;
* табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы істер – табиғи ресурстарды пайдалану құқығын беру, шектеу немесе тоқтату туралы шешімдерге шағымдану;
* атқарушылық іс жүргізуге қатысты істер – мемлекеттен немесе мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы құжаттарды орындау кезінде мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.

Сот прокурордың қатысуын қажет деп таныған жағдайда, ол өзге де әкімшілік істерді қарауға қатыса алады.

Сонымен қатар прокуратура әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлар сот актілерін зерделеп, заң талаптарының дұрыс қолданылуына баға береді. Заңда көзделген негіздер болған жағдайда оларды қайта қарау жөнінде шаралар қабылданады.

«Заңды күшіне енбеген сот актісімен келіспеген және тиісті негіздер болған жағдайда прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруге құқылы», – деді прокурор.

Осылайша, прокурордың әкімшілік сот ісін жүргізудегі қызметі екі негізгі бағытты қамтиды: заңда көзделген істерді қарауға тікелей қатысу және сот актілерінің заңдылығына қадағалау жүргізу.

Бұл тетік жария-құқықтық салада заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді