Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бір жылда техникалық реттеу мен метрология саласындағы заңбұзушылықтар бойынша 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды

Астанада бір жылда техникалық реттеу мен метрология саласындағы заңбұзушылықтар бойынша 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің 2025 жылы атқарылған жұмысының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Департамент туралы ережеге сәйкес оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу және зергерлік әрі өзге де бұйымдарды өткізу салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып саналады.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша Департамент 34 жоспардан тыс тексеру және субъектілерге бару арқылы 6 профилактикалық бақылау жүргізді. Сонымен қатар Департамент қызметкерлері басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілген 118 тексеруге қатысты. Анықталған бұзушылықтар бойынша 315 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 89,8 млн теңгені құрады», – дейді спикер.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша субъектілерге бармай анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-1-бабына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы 299 ұсыным берілді. Оның ішінде: аккредиттеу саласында – 16, метрология саласында – 21, техникалық реттеу саласында – 112, зергерлік бұйымдарды өткізу саласында – 150.

Анықталған бұзушылықтар нәтижесінде аккредиттеу субъектілері берген тоғыз мыңнан астам құжаттың күші жойылды.

Ситуациялық штаб шеңберінде департамент Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Өнім сынақтарының теріс нәтижелері негізінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру бойынша бірлескен шаралар қабылданады.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына енгізілген өзгерістерге байланысты департаментке бақылау сатып алуларын жүргізу құқығы берілді. 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 12 бақылау сатып алуы жүргізілді.

Антифриздер, көмір және электр тұрмыстық тауарлар Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында тексерілді.

Департамент қызметінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады. 2025 жылы барлығы 1293 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: аккредиттеу саласында – 290, метрология саласында – 395, техникалық реттеу саласында – 323, зергерлік бұйымдарды өткізу саласында – 285.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», сондай-ақ «Асыл металдар және асыл тастар туралы» заңдарының талаптары сақталмаған фактілер анықталған жағдайда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері Департаментке жүгінуіне болады.

Өтініштерді қабылдау Астана қаласы, Шарль де Голль көшесі, 1А ғимараты мекенжайы бойынша, сондай-ақ Е-Өтініш платформасы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті