Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 19 мың басқа арналған мал биржасы салынуда

Түркістан облысында 19 мың басқа арналған мал биржасы салынуда
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Түркістан облысының Сайрам ауданында мал биржасының құрылысы басталды. Жобаға 5,2 млрд теңге инвестиция салынады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны «RED GOLD» серіктестігі заманауи технологиялық шешімдер мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып жүзеге асыруда. Жабдықтар мен материалдардың 30%-ы Австралиядан жеткізілсе, металл конструкциялардың 70%-ын түркиялық Agro Fine компаниясы қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру үшін 24 гектар жер учаскесі бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында іргетас қалау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
Құрылысты 2026–2027 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жаңа мал биржасы бір мезетте 5 мың басқа дейін ірі қара мал, 4 мың жылқы және 10 мың басқа дейін ұсақ мал қабылдауға есептелген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын саудалауға арналған заманауи алаңның құрылуы мал өткізудің ашық әрі жүйелі жүйесін қалыптастырып, өткізу нарықтарының географиясын кеңейтіп, өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін арттырады.

Жобаны іске асыру Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға және агроөнеркәсіптік кешеннің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған кезекті нақты қадам болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді