Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция жолдағы бақылауды күшейтті: жүздеген құқық бұзушылық тоқтатылды

Алматыда полиция жолдағы бақылауды күшейтті: жүздеген құқық бұзушылық тоқтатылды
Фото: polisia.kz

Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді. Осы демалыс күндері полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен рейдтер өткізіп жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала бойынша көлікті белгіленген талаптарды бұза отырып пайдалану сияқты бірқатар құқық бұзушылық анықталды. Анықталған фактілер бойынша заңда көзделген шаралар қабылданды. Мото көлік құралдары мен жеке мобильділік құралдарын пайдаланатын азаматтарға ерекше назар аударылуда. Жетісу ауданында да жеке профилактикалық іс-шара өткізілді. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 152 фактісін анықтады. Олардың қатарында көлікті пайдалану талаптарын, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін басқа да құқық бұзушылықтар бар. Полицияның атап өтуінше, рейдтік іс-шаралардың мақсаты – құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту ғана емес, сонымен қатар жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу. 

— Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртібіне тікелей байланысты. Сондықтан біздің міндетіміз – жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың салдарына жол бермеу. Бақылау тұрақты түрде жалғасады. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды және жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаскелерге ерекше назар аударылады. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырамыз, — деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді