Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЕАЭО елдерінің министрлері Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің озық кәсіпорындарымен танысты

ЕАЭО елдерінің министрлері Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің озық кәсіпорындарымен танысты
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Алматы қаласына ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысына қатысу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян, Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Юрий Горлов, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джихады министрінің орынбасары Акбар Фатхи келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран делегациялары Алматы облысының жетекші кәсіпорындарын аралады. ЕАЭО елдерінің өкілдеріне автоматтандыру, цифрландыру, ресурстарды үнемдеу, өнімді терең өңдеу және экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру бағыттарындағы практикалық шешімдер таныстырылды.

«Біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырумен ғана шектелмейді. Өнімді қайта өңдеуді жүйелі түрде дамыту, қосылған құны жоғары өнім өндіру, заманауи технологияларды енгізу және жаңа нарықтарға шығу маңызды. Қазақстанның айтарлықтай шикізаттық және өндірістік әлеуеті бар. Біз ішкі нарықты дамыту және экспорт көлемін ұлғайту үшін осы әлеуетті барынша тиімді пайдалануымыз қажет», – деді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ірі компанияларға бару барысында.

Делегациялар барған негізгі нысандардың бірі – Орталық Азиядағы балмұздақ және мұздатылған өнім өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі саналатын «Шин-Лайн» ЖШС.

30 жыл ішінде компания ірі өндірістік кешен қалыптастырып, бүгінде 36 брендпен өнімнің 160-тан астам түрін шығарады.

Инвестиция көлемі 64 млрд теңгеден асады, өндірістік қуаты тәулігіне 350 тоннадан астам өнімді құрайды. Кәсіпорын өнімдерін Қытай, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Тәжікстан және Қырғызстанды қоса алғанда, 10 елге экспорттайды.

Делегациялар «GREEN ECO» жылыжай кешеніне де барды. Мұнда бесінші буындағы жылыжай технологиясы мен гидропоника жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жыл бойы салаттар, микрокөк, салат қоспалары және жеуге жарамды гүлдерді қоса алғанда, өнімнің 30-дан астам түрін шығарады. Өндірістік қуаты жылына шамамен 5 млн құмыра көкөніс өсімдіктерін құрайды. Компания өндіріс көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр, жобаға 2,1 млрд теңге инвестиция салу көзделген.

Делегациялар сапарының тағы бір нысаны шарап өнімдерін өндіруге маманданған Arba Wine кәсіпорны болды.

Кәсіпорынның жалпы аумағы 100 гектардан асатын жүзімдіктері бар.

Компания шараптың 24 түрін және сидрдің 5 түрін шығарады. Өнімдерін ішкі нарыққа ғана емес, Қытай, Ресей, Жапония, Италия, Швеция және Ұлыбританияға да экспорттайды.

Бүгін ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы өтеді. Отырыс Одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді