Алматының Бостандық ауданында сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 13 тамыз сағат 21:00-ден 14 тамыз сағат 06:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы Су» МКК өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су беру мына аумақтың шегінде шектеледі:
Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Байзақов көшесі – Ботаникалық бақ – Ерғожин көшесі.
Жұмыстар қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында қолға алынған.
Су беру қайта қалпына келтірілгеннен кейін су құбырларының желілерін шаюға байланысты судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Осы кезеңде тұрғындарға желілер толық шайылғанға дейін кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесіне қосылған басқа да құрылғыларды пайдаланбау ұсынылады.
«Алматы Су» МКК уақытша қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрап, алдын ала қажетті мөлшерде су қорын жинап алуды сұрайды.