Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Оңтүстік Корея инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Оңтүстік Корея инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев бастаған Қазақстан делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапарымен барып, оның аясында ірі компаниялардың, мемлекеттік институттар мен іскерлік қауымдастықтардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, корей капиталын және озық технологияларды тартуға, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға негізгі назар аударылды.

Корей халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Ли Сан Чжунмен кездесуде корей компанияларының Қазақстандағы өнеркәсіп, жасанды интеллект, «жасыл» энергетика және электр көліктерін өндіру салаларындағы инвестициялық жобаларын іске асыруға жәрдемдесу шаралары қарастырылды.

Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation (KIND) басшылығымен кездесуде Alatau City-ді дамыту, Орта дәлізді және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалды.

YPP Corporation компаниясымен «жасыл» энергетика саласындағы, оның ішінде «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Hyundai Engineering және LX International компанияларының басшылығымен инфрақұрылым, энергетика және мұнай-газ химиясы, стратегиялық маңызды минералдар, логистика және жоғары технологиялар салаларындағы жобалар қаралды.

Корей компанияларын индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделіліктерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді