Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдай бойынша жедел кеңес өтті

Үкіметте мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдай бойынша жедел кеңес өтті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автомобиль өткізу пункттеріндегі ағымдағы ахуал мәселелері және көлік ағынын ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылары қатысты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мемлекеттік шекарадағы ахуал және «Әлімбет», «Жайсан», «Сырым» өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының жедел өтуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасы тыңдалды. Қазақстан тарапындағы өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Еліміздің аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдардың маусымдық артуын ескере отырып, ЕАЭО ішкі контурындағы автомобиль өткізу пункттерінің уақтылы жаңғыртылуына бақылау күшейтілгені атап өтілді. Бұл бақылаудан өту уақытын қысқартады.

Бұдан бөлек, жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында басымдық берілген өткізу пункттерінің маңында жүргізушілерге арналған күту сервистік аймақтары құрылады. Бұл шекаралық бақылаудан өту кезеңінде жүргізушілердің жайлы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Тиісті жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша автокөлік құралдарының үздіксіз және жедел өткізілуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. Осы мақсатта Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел штабтар ашты. Жағдай Үкіметтің тікелей бақылауында.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді