Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Алматыда құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Құрылысшы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құрылыс саласының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ол жоғары кәсібилігі мен көп жылғы адал еңбегі үшін бірқатар маманға Алғыс хат табыстап, Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтауын оқып берді, 

«Құрылысшы – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей үлес қосатын ең жауапты мамандықтардың бірі. Бұл сала жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті, еңбек тәртібін және өз ісіне адалдықты талап етеді», – делінген Дархан Сатыбалдының құттықтауында.

Қала әкімі құрылыс саласы қалалық инфрақұрылымды дамытуға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтті. Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласына тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 75 млрд теңге болды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 343 млрд теңгеге артық.

«Инвестициялық белсенділіктің артуы құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығының жоғары екенін көрсетеді және жаңа тұрғын үй, әлеуметтік әрі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қаламыздың заманауи, жайлы әрі өмір сүруге және еңбек етуге қолайлы қалаға айналып келе жатқанын зор мақтанышпен айта аламыз», – деді ол.

Салтанатты жиында құрылыс саласының әртүрлі мамандық иелері марапатталды. Олардың көпшілігі бұл салада ондаған жыл еңбек етіп келеді.

Марапат иелерінің бірі Үрістембек Жақпанов еңбек жолында көптеген маңызды нысанның құрылысына қатысқанын айтты. Оның айтуынша, құрылысшы үшін ең үлкен марапат – өз еңбегінің нәтижесін көріп, оның халық игілігіне қызмет етіп жатқанын сезіну. Сондай-ақ, ол еңбегіне жоғары баға берілгені үшін алғыс білдіріп, мұндай құрмет жаңа жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтті.

Инженер-сметашы Зәуре Садырбаева бұл мамандық үлкен жауапкершілік пен әрбір бөлшекке мұқият қарауды талап ететінін айтты. Оның айтуынша, әлеуметтік және қалалық инфрақұрылым нысандарын салуға атсалысу – үлкен мақтаныш, ал кәсіби мереке қарсаңында алған марапаты көп жылғы еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен жоғары баға.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Кештің ерекше тартуы ретінде Нұрлан Абдуллиннің орындауында қала құрылысшыларына арналған «Алматы құрылысшылар әні» шығармасының тұсаукесері өтті.

Еске салайық, Қазақстанда Құрылысшы күні жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді