Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қалада құрылыс саласындағы тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша төрт компания лицензиясынан айырылды, тағы 350 құрылыс компаниясының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. Сондай-ақ құрылыс қызметімен айналысатын 437 субъектіге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС жобалау қызметінің І санаттағы мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар «Отау-Құрмет» ЖШС мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЕҰ лицензияларынан айырылды. Ал «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясының жекелеген қосалқы түрінің күші жойылды.

Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Алматыда өз біліктілігін дәлелдей алатын, белгіленген талаптарды сақтайтын және құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ететін компаниялар ғана жұмыс істей алатынын атап өтті. Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған болатын. Олардың басым бөлігі әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асырған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді