Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық ұланның 14 жауынгері күрең беретке ие болды

Ұлттық ұланның 14 жауынгері күрең беретке ие болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы жасағының жауынгерлері күрең беретке ие болу үшін күрделі сынақтардан өтеді. Биылғы емтихан да оңай болған жоқ.

Түрлі географиялық және климаттық жағдайда ұйымтастырылатын сынаққа жүздеген үміткерлер бақтары мен баптарын сынауға атсалысады. Алайда, мереге жету жолында олардың көбі сейіліп жатады. Бұл сынақтың шынайы күрделі және оған тек қан мен көп еңбектің арқасында жетуге болатынын аңғартса керек.

Биылғы сынақ Ұлттық ұланның Алматы облысында орналасқан Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында өтті. Дәл осы орында арнайы мақсаттағы жасақтың жауынгерлерінің жаттығуы үшін арнайы орталық салынған. Сайыпқырандардың сақадай сай әзірлігі үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Сондықтан жыл бойына жауынгерлер осы арада шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін арттырады.

Биылғы сынаққа тәжірибе алмасу үшін екінші мәрте Беларусь Республикасының арнайы жасағының мамандары келді.

Квалификациялық сынақтар жыл сайын еліміздің әр түрлі климаттық жағдайында өтеді және екі кезеңнен тұрады. Осы жолы еліміздің барлық өңірінен келген күрең берет киюге үміткер 350 әскери қызметші квалификациялық сынақ тапсыруға ынта танытса, олардың тек 73-і ғана ақтық сынға жіберілді.

Әскери қызметшілер жауынгерлік және арнайы дайындық бойынша нормативтерді тапсырып, екінші кезеңге өтуге рұқсат алды. Алғашқы айналымда үміткерлер арнайы жабдықтармен кедергілер арқылы 25 шақырымды өтіп, 13 нормативті тапсыра жүгірді. Олардың ішінде сулы аймақты кесіп өту, практикалық атыс жүргізу секілді сынақтар болды. Ал емтиханның шарықтау шегі, яғни, соңғы кезеңінде үміткерлер үш күрең берет иегерімен тоғыз минут көлемінде жекпе-жекке түсуі керек болды. Тек осыдан мүдірмей өткендер ғана сынақты сәтті орындап шыққан болып есептеледі.

Биылғы сынақтың қорытындысы бойынша 14 жауынгер ғана мәреге дейін жетіп, күрең берет иегері атанды. Квалификациялық сынақтардың қорытынды кезеңі және сынақтан өткен жауынгерлерге “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлінісінің символын салтанатты тапсыру шарасына Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және Беларусь Республикасының арнайы жасағы өкілдерінің қатысты.

Арнайы мақсат жауынгері үшін күрең берет – шеберліктің биік формасы болып табылады. Оған тек үздіктердің үздігі ғана қол жеткізеді. Ержүректілік пен шеберліктің, жоғары моральдық қасиеттердің символы өзінің иегерінен жанқиярлық пен өмір мен денсаулыққа түсетін қауіп-қатерлерге қарамастан қойылған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауды талап етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді