Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің барлаушылары «Жасыл соқпақ» сайысында бағын сынауда

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері арнайы мақсаттағы барлау топтары арасындағы «Жасыл соқпақ» далалық машықтану конкурсында бағын сынауда. Жарыс жыл сайын Ресей Федерациясында өткізіледі. Биылғы жылы ол Краснодар өлкесінің Молкино кентінде өтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Жасыл соқпақ» – ең беделді конкурстың бірі. Оған Балтық теңізінен Тынық мұхитына дейінгі аралықта орналасқан Ресей Федерациясының барлық округі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің командалары, сондай-ақ ҰҚШҰ елдерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысады.

Сайыс 20-дан астам кезеңді қамтиды. Барлаушылар алыс қашықтыққа жылжу, су кедергісінен өту, арнайы міндетті орындау, жауынгерлік оқ ату және барлау тобын қарсылас тылына шығару кезінде топтардың әрекет етуін пысықтаумен сайысқа түседі. Жарыстың барлық кезеңін орындауға 100 сағат бөлінеді. Міндет тоқтаусыз орындалады. Беріктік пен төзімділікті анықтайтын басты сынақ 10 және 30 километр қашықтықта жүгіру болып табылады.

Жарыстың соңғы кезеңінде қатысушылар шартты қарсыластың диверсиялық топтарын торуылдап, олардың шабуылына тойтарыс береді.

Қорытындылау кезінде барлаушылардың әскери топография саласындағы білімі, бүркемелеу, жасырын жылжу шеберлігі, лагерьді ұйымдастыруы, медициналық және инженерлік даярлық дағдылары ескерілетін болады.

Барлаушылар конкурсқа қатыса отырып, әртүрлі өңірде, табиғи және климаттық жағдайларда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуде тәжірибе жинақтайды. Биылғы жылы 47-ші рет өткізіліп отырған «Жасыл соқпақ» сайысы 2 шілдеден 13 шілдеге дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді