Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның әскери теңізшілері мен ҰҰА мамандары алда келеді

Армиялық халықаралық ойындардың «Теңіз кубогы» конкурсында Қазақстанның әскери теңізшілері корабльді сақтап қалу үшін әрекет етуде бірінші орынға ие болды. Иран кораблінің экипажы да біздің жауынгерлермен тең түсті. «Сұңқар аңшылығы» конкурсының бірінші кезеңі үш жаттығуының қорытындысы бойынша Қазақстан командасы үздік нәтиже көрсетті. Ұпай саны жағынан Ресей де біздің командамен бірге бірінші орында тұр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Арменияда өтіп жатқан «Бейбітшілік жауынгері» конкурсына  қатысушылар «Кәсіпқой» кезеңінің екі жаттығуын орындады. Қазақстан командасының өкілі аға сержант Дархан Аслан барлығын артта қалдырып, кедергілер жолағынан 6 минут 17 секундта өтті.

Үш жарыстың қорытындысы бойынша Ресей көш бастап тұр, екінші орында Қазақстан әскери қызметшілері келеді.

«Эльбрус шеңбері» конкурсында бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Ресей командасы бірінші орында, Қазақстан екінші орында, ал үшінші орын Өзбекстанға бұйырды. Бірінші кезең барысында қатысушылар жасанды тау бедеріне өрмелеуден бастап таудағы кедергілер жолағынан өту және оқ атуды орындау сияқты бес түрлі арнайы тапсырманы орындады.

Сонымен қатар, Армиялық халықаралық ойындардың басқа конкурстары бойынша да жарыстар жалғасуда. Сайыс шарықтау шегіне жетіп, әр команданың жеңіске деген ұмтылысы артып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті