Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Алматы биіктен»: суретшілер қаланы өнер арқылы бейнеледі

«Алматы биіктен»: суретшілер қаланы өнер арқылы бейнеледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымбұлақ тау курортында «Алматы биіктен» атты арт-пленэр өтті. Іс-шараны Almaty Tourism Bureau ұйымдастырды. Жоба аясында алматылық сегіз суретші бас қосты. Олардың қатарында Анар Абжанова, Анна Фидирко, Марат Құсайынов, Нағима Ибрашева және шығармашылық қауымдастықтың өзге де өкілдері бар. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күні бойы қатысушылар табиғат аясында сурет салып, Іле Алатауының көркем панорамалары мен тау пейзаждарын шығармаларына арқау етті. Әр суретші қаланың ең танымал туристік орындарының бірін өзіндік көзқарасымен бейнеледі.

Жоба туризм мен шығармашылықты тоғыстырды: тау курорты ашық аспан астындағы шеберханаға айналса, табиғат көріністері жаңа туындылардың негізіне айналды.

Шығармалар шеберханада толық аяқталғаннан кейін, олар Шымбұлақ аумағында өтетін қорытынды көрмеде көпшілік назарына ұсынылады. Келушілер Алматының тау бөктеріндегі көркін заманауи суретшілердің көзімен тамашалай алады.

Жобаның серіктесі – Шымбұлақ тау курорты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді