Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оңтүстіккореялық жұлдыздар Алматыда Netflix үшін тревел-шоу түсіріп жатыр

Оңтүстіккореялық жұлдыздар Алматыда Netflix үшін тревел-шоу түсіріп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы жаһандық креативті индустрияның жаңа ошағына айналуда. 24-27 шілде аралығында қала мен оның көрікті аумағы танымал оңтүстіккореялық Hit And Miss Tour 4 тревел-шоуының түсірілім алаңы болды. Жоба Channel S телеарнасынан көрсетіліп, кейін Netflix платформасында бүкіл әлем көрерменіне жол тартады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шоудың басты кейіпкерлері – Оңтүстік Кореяның танымал комедия шеберлері Ким Дэ Хи, Ким Джун Хо, Чан Дон Мин, Ю Се Юн және Хон Ин Гю. Реалити форматындағы бұл жоба әр елде жаңа әсер мен күлкіге толы саяхатты көрсетеді. Қатысушылар күн сайын түрлі ойындар мен тапсырмалар орындайды, ал жеңілгендер топтың жол шығынын өтейді. Бұл ереже әр локацияны нағыз шоу алаңына айналдырады.

Алматыдағы түсірілім 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы, Вознесенск кафедралды шіркеуі, Көкбазар, Шымбұлақ, Көктөбе сияқты қаланың танымал орындарда өтті. Сондай-ақ, түсіру тобы Алматы маңындағы Шарын шатқалына, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне де ат басын бұрды.

Жоба Алматы қаласы Туризм басқармасына қарасты Almaty Tourism Bureau-ның қолдауымен, креативті туризмді дамыту аясында жүзеге асты. Бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі кино және тележобаларды қалаға тартуға арналған Location Scout қызметі. Бюро тарапынан түсірілім топтарына локацияны іріктеу мен рұқсат алу сәтінен бастап түсірілім барысына дейінгі жан-жақты көмек көрсетілді.

– Алматының осындай халықаралық жобаларда көрініс табуы жай ғана әдемі көрініс емес, бұл қаланың және елдің туристік әлеуетін стратегиялық деңгейде ілгерілету. Шетелдік жобалардың Алматыны таңдап жатқанына қуаныштымыз, – деді Almaty Tourism Bureau басшысы Дияр Асқаров.

Hit And Miss Tour 4 бағдарламасының премьерасы 23 және 30 тамызда, сондай-ақ, 6 қыркүйекте өтеді. Жоба нәтижесінде Алматыға деген қызығушылықтың артып, қаланың халықаралық туристік имиджі нығая түспек.

Айта кетейік, Netflix платформасының әлем бойынша 300 миллионнан астам оқырманы бар, ал жалпы аудиториясы 700 миллион адамнан асады.

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Алматыға 145 мың шетелдік турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18% артық. Қалаға көбіне Үндістан, Қытай мен Түркиядан, сонымен қатар АҚШ, БАӘ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Германиядан келген саяхатшылар жиі ат басын бұрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті