Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды

ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
Фото: pixabay.com

Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық пиротехникалық бұйымдарын жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында "Пиротехника" шарасы өтуде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шараны өткізу үшін 1 мыңнан астам бірлескен рейдтік топ құрылды, олар 2 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізді. 

– Іс-шара барысында пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларын бұзудың 90-ға жуық дерегі анықталды. Оның ішінде тауарлар немесе өзге де заттарды заңсыз сату бойынша 84 дерек және елді мекендерде әрі арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану арқылы азаматтардың тыныштығын бұзу бойынша 5 дерек тіркелді. Құқық бұзушылардан 705-тен астам дана және 100-ге жуық қорап сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді. Қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды тек осы қызмет түріне тиісті лицензиясы бар мамандандырылған дүкендерден және стационарлық сауда павильондарынан ғана сатып алу қажет. Пиротехниканы, яғни петардалар, фейерверктер, бенгаль оттарын сатып алу кезінде сатушылардан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету керек. Әрбір пиротехникалық бұйымда мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі толық нұсқаулықтың болуы міндетті. Нұсқаулықпен танысқан кезде сақтау мерзіміне ерекше назар аудару қажет. Егер өнімнің мерзімі өтіп кеткен болса, оны пайдалануға қатаң тыйым салынады. Мереке күндеріңіз қауіпсіз болсын. Қауіпсіздік - қарапайым қағидалар сақталған жерден басталады, – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті