Алматының жеті ауданында екі апта бойы жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылы 3–14 тамыз аралығында Алматының жеті ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақтың екінші кезеңі өтеді. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мамандары айтты.
Магистральдық және тарату құбырларына жүргізілетін тексеру барысында күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.
Қауіпсіздік шараларының сақталуына қарамастан, кейбір учаскелерде судың жер бетіне шығуы немесе жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты кезектен тыс жағдай орын алуы мүмкін.
Мұндай жағдайда ешқандай әрекетті өз бетіңізше жасамауыңызды, оқиға орнынан дереу кетуіңізді және бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 351-27-62 (тікелей нөмір), call-орталығы: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі нөмірлері 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс орталығы.