Алматының Әуезов ауданында бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру жұмыстары жалғасып келеді. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, дизайн-код талаптарын іске асыру аясында Сәулет және қала құрылысы басқармасымен, сондай-ақ Полиция департаментімен бірлесіп заңсыз орналастырылған 1 500-ге жуық маңдайша мен жарнама құрылымы алынып тасталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар Алтынсарин және Абай даңғылдары, Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде ғимараттардың қасбеті мен маңдайшасын қаланың дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.
Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды Алматының дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама табысталды.