Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 6700-ден астам жарнамалық маңдайша алынып тасталды

Астанада 6700-ден астам жарнамалық маңдайша алынып тасталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қаланың сыртқы келбетін Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тіл туралы» заңдарының талаптарына сәйкестендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылы барлық ауданда ғимараттардың қасбеттерінен 6700-ден астам жарнама элементі алынып тасталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың біртұтас сәулеттік-көркемдік келбетін қалпына келтіру жұмысын Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі орындайды. Мекеме сонымен қатар қала бойынша орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамаларды бақылауда ұстайды.Алты аудан әкімдігінің қызметкерлері елорданың келбетіне сай келмейтін заңсыз жарнамаларды жою және кәсіп иелеріне түсіндіру бойынша тұрақты түрде іс-шаралар өткізіп тұрады. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндірулер жүргізіліп, белгілерді өзгерту қажеттігі туралы буклеттер шығарылады.Тек 2024 жылдың өзінде 1315-тен астам ғимарат пен құрылыстың қасбетіне визуалды тексеру жүргізілді. Мекеме қызметкерлері 7400-ден астам кәсіпкерлік субъектіні қабылдады, оларға ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін сәулет-көркемдік жобалау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Елорданың біртұтас сәулеттік-көркемдік келбетінің талаптарына сай келмейтін 6700-ден астам заңсыз орналастырылған сыртқы жарнама элементі мен маңдайшалар жойылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты