Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан астам гүл көшеті отырғызылды

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан астам гүл көшеті отырғызылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Наурызбай ауданында көше мен қоғамдық кеңістікті көгалдандыру жұмыстары жалғасып келеді. Маусым басталғалы Eco Almaty қызметкерлерімен бірлесіп жалпы аумағы 7 мың шаршы метр жерге 252 мың гүл көшеті отырғызылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гүл композициялары Шұғыла шағынауданында, «Алатау» шипажайы маңында, Сәбденов көшесінде және Абай даңғылында орналастырылды.

Сонымен қатар Абай және Алатау даңғылдарында, сондай-ақ Әшімов, Шаляпин, Қонаев және Рысқұлов көшелерінде тік көгалдандырудың 1 950 құрылымы орнатылды.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «Алматының гүл жұмағы» саябағының құрылысы қарқын алған. Нысанда жер жұмыстары жүргізіліп, ағаш егіліп, су құбыры тартылды және сыртқы жарықтандыру желілерін орнатуға арналған учаскелер дайындалды. Көріктендіру жұмыстары үшін 5 мың шаршы метрге жуық кеспетас сатып алынып, жиектастарды орнату жұмыстары қызған.

Осы бағдарлама аясында Әшімов көшесінде көгалдандыру және автоматты суару жүйесін орнату, жүргінші аймақтарын көріктендіру, көшелерді жарықтандыру және жөндеу жобалары да жүзеге асырылып жатыр, деп мәлімдеді Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді