Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан зығыр тұқымын экспорттауда тарихи рекорд орнатты

Қазақстан зығыр тұқымын экспорттауда тарихи рекорд орнатты
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Астық одағы 2025/26 маркетингтік жылының қыркүйек–мамыр айларындағы зығыр тұқымы экспортына қатысты деректерді жариялады. Одақтың сарапшы маманы Евгений Карабановтың айтуынша, Қазақстан тарихында алғаш рет осындай мол көлемде зығыр тұқымы экспортталып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, мамыр айында Қазақстаннан 71,3 мың тонна зығыр тұқымы экспортталды. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 39%-ға төмен. Алайда 2025/26 маркетингтік жылының алғашқы 9 айында (қыркүйек–мамыр) экспорт көлемі 1 млн 76,6 мың тоннаға жетіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл өткен маркетингтік жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,38 есе, ал өткен маусымдағы жалпы экспорт көлемінен 2,05 есе жоғары. Қазақстан тарихында мұндай көлемде зығыр тұқымы бұрын-соңды экспортталған емес», – деді Е. Карабанов.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуропалық одақ елдеріне экспорт айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, Бельгияға – 309,5 мың тонна (1,82 есе), Польшаға – 97,2 мың тонна (3,5 есе), Германияға – 11,9 мың тонна (+13%), Чехияға – 10,9 мың тонна (3,2 есе), Литваға – 8,7 мың тонна (1,55 есе), Нидерландқа – 6,1 мың тонна (7,6 есе), Эстонияға – 42 мың тонна (өткен маркетингтік жылы экспорт болмаған), Италияға – 7,6 мың тонна (38 есе) тасымалданған.

Мұндай өсім Еуропалық одақтың 2025 жылы Ресейдің зығыр тұқымына салынатын импорттық кедендік баж мөлшерлемесін 20%-ға, ал 2026 жылдан бастап 50%-ға дейін көтеруімен байланысты деуге болады.

Басқа елдерге жеткізілім көлемі де ұлғайған. Мәселен, Ауғанстанға – 107,6 мың тонна (3 есе), Қытайға – 429,1 мың тонна ( 2,5 есе), Пәкістанға – 5,1 мың тонна (+6%), Өзбекстанға – 15,6 мың тонна (+15,5%), Тәжікстанға – 8,6 мың тонна (1,95 есе), Түркияға – 4,4 мың тонна (+19%) жөнелтілді.

Қазақстандық зығырдың негізгі екі импорттаушысы – Бельгия (жалпы экспорттың 28%-ы) және Қытай (40%) елі. Осылайша, аталған елдер ағымдағы маркетингтік жылдың алғашқы тоғыз айындағы жалпы экспорттың 68%-ын қамтамасыз етті.

Қытай кеден қызметінің деректеріне сәйкес, 2025/26 маркетингтік жылының алғашқы 10 айында (тамыз–мамыр) Қытайға зығыр импорты 1 млн 257 мың тоннаны құрап, салыстырмалы түрде 53%-ға өскен.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз–мамыр айларында Қытайдың жалпы зығыр импортындағы ресейлік өнімнің үлесі 58%-ды (726,7 мың тонна), ал қазақстандық өнімнің үлесі 30,8%-ды (386,7 мың тонна) құрады. Ал 2024/25 жылы Ресейдің үлесі 75,2% (619,4 мың тонна), Қазақстанның үлесі 21% (173,1 мың тонна) болған.

DG AGRI TAXUD Customs Surveillance System деректеріне қаоағанда Еуропалық одаққа 2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 28 маусым аралығында импортталған зығыр көлемі 683,7 мың тоннаны құрап, 17%-ға артты.

Қазақстандық зығырдың ЕО импорты құрылымындағы үлесі 72%-ды (495,2 мың тонна), ресейлік зығырдың үлесі 12,3%-ды (84,1 мың тонна) құрады. Бұл ретте Қазақстаннан жеткізілген өнім көлемі 88%-ға артса, Ресейден импорт 50%-ға қысқарған.

Сарапшының айтуынша, қазақстандық зығыр тұқымының экспорты, әсіресе Еуропалық одақ пен Қытай бағытында, абсолютті рекордтарға қол жеткізіп отыр. Қазақстан бүгінде Еуропалық одаққа зығыр тұқымын жеткізуші көшбасшы ел әрі Қытай нарығындағы екінші ірі экспорттаушы.

Эспорт қарқынының артуы мен Ресейден Қазақстанға импортталатын зығыр көлемінің өсімін ескере отырып, ағымдағы жылға арналған қазақстандық зығыр тұқымы экспортының болжамы тағы 100 мың тоннаға ұлғайып, 1,25 млн тоннаға жетті.

Осылайша, 2025/26 маркетингтік жылының алғашқы тоғыз айындағы экспорт көлемі болжанған жылдық экспорттық әлеуеттің 86%-ын құрады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді