Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік ұсталды

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысында полиция қызметкерлері тарапынан көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу, шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы іс-қимыл бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен Түлкібас ауданының аумағында көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Тексеру барысында 12 шетел азаматының экскаватор мен жүк автокөлігін пайдалана отырып заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізгені анықталды.

Құқық бұзушылардың барлығына қатысты көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін қабылдаушы тарапқа да әкімшілік шара көрілді. Тәртіп сақшыларының дер кезінде араласуының нәтижесінде шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметінің жолы кесіліп, заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде көші-қон заңнамасының одан әрі бұзылуына жол берілмеді. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді