Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда

Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік министрлігі теміржол көлігінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Осыған орай әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылармен жиын өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында саланың ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындысы шығарылып, жолаушылар теміржол тасымалын одан әрі дамытудың негізгі мәселелері қаралды.

Негізгі мәселелердің бірі жолаушылар пойыздарын интернетпен қамтамасыз ету. Бүгінде Қызылорда – Павлодар, Жезқазған – Астана, Астана – Семей, Алматы – Достық және Қызылорда – Көкшетау бағыттарындағы жолаушылар пойыздары интернетпен қамтамасыз етілген.

Спутниктік байланысты пайдалану ұялы байланыс операторларының қамту аймағы жоқ теміржол учаскелерінде де интернетке тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл жолаушыларға мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, жұмыс сервистерін және басқа да онлайн-платформаларды еркін пайдалануға мүмкіндік береді.

Сервиске қосылу үшін жолаушылар пойыздағы Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өтуі қажет. Осыдан кейін WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламаларды тегін алмасу қызметін пайдалана алады. Бұдан бөлек интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге, бейнесервистерге және жұмысқа арналған қосымшаларға толық қолжетімділік беретін ақылы тарифті рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Жиын қорытындысы бойынша тасымалдаушыларға жолаушылар пойыздарын интернетпен жабдықтау жұмыстарын жеделдетіп, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді