Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойыздарында 284 міндеттемелерді бұзушылық анықталды

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойыздарында 284 міндеттемелерді бұзушылық анықталды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік министрлігі темір жолдар және су көлігі комитетінің қызметкерлері жолаушыларды тасымалдау қағидалары нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Комитет қызметкерлері Астана-Алматы, Қызылорда-Петропавл, Астана-Шымкент, Қызылорда-Павлодар, Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Жезқазған, Алматы-Саратов және т.б. әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерді.

Тексеріс барысында 284 келісім міндеттемелерін бұзушылық анықталды. Оның ішінде жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаға сай келмеуі, вагондарда кондиционерлердің болмауы және ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасамау, санитарлық-техникалық жағдайдың сақталмауы және т.б. фактілері тіркелді.

Айыппұлдардың жалпы құны 10 млн теңгеден асты. Айыппұлдар Ұлттық тасымалдаушыға да, жеке тасымалдаушыларға да салынады. Тасымалдаушыларға 10 күн ішінде анықталған келісім міндеттемелерін бұзушылықтарды жою және оларды одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Айта кетейік, елімізде 110 тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Жаздың соңына дейін комитет қызметкерлері қалған жолаушылар пойыздарын кестеге сәйкес тексереді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді