Жыл басынан бері балабақшаларда 3 мың жаңа орын ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылдың басынан бері Алматыда 46 жаңа балабақша ашылды. Бүгінде қалада 1 098 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 87 мыңнан астам бала барады.
Жыл соңына дейін тағы 16 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр. Бұл екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейін арттырып, кезекті едәуір қысқартуға жол ашады.