Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Мемлекет басшысының Астанадағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет резервінен Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға қаржы бөлінді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыларға  қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаларды жүзеге асыру қарқынды тұрғын үй құрылысы мен қала халқы санының өсуі жағдайында кәріз, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы қаржыландыру көлемі 16,2 млрд теңгеден асады.

Оның 8,7 млрд теңгесі су бұру инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Атап айтқанда, Астананың Есіл ауданындағы қолданыстағы тазарту құрылыстарынан бастап Ақмола облысындағы Қарабидайық көліне дейінгі кәріз коллекторы қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар Ұлы Дала, Хусейн бен Талал, Шыңғыс Айтматов көшелері мен Тұран даңғылы бойынан Есіл өзеніне дейін тазартылған ағын суларды ағызатын коллектор салынады.

Көзделген жұмыстарды жүзеге асыру 4,5 мың гектар аумақтағы жерүсті және дренаж суларын бұруға, сондай-ақ тәулігіне 70 мың текше метрге дейінгі суды тазартатын нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Астананы одан әрі дамытуға қажетті инфрақұрылым қалыптастырады.

7,5 млрд теңге елорданың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Бұл қаражатқа қолданыстағы электр желілеріне қосылатын 110/20 кВт-тық «Қарлығаш» жабық қосалқы стансасы салынып, «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2-дегі №1 турбоагрегаты жаңғыртылады.

Жаңа энергонысан іске қосылғаннан кейін «Есіл» және «Бәйтерек» қосалқы стансаларына түсетін жүктеме азайып, «Нұрлы жол» вокзалы маңы мен Тельман тұрғын алабындағы шамамен 80 мың тұрғын тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі. Қосымша қуат жаңа мектептер, емханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

ЖЭО-2-дегі турбинаны жаңғыртқаннан кейін оның электр қуаты 30 МВт-қа – 80 МВт-тан 110 МВт-қа дейін артады. Бұл елордадағы электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп отырғанына орай энергиямен жабдықтау сенімділігін күшейтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді