Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жаңа газ кен орындарын игеруде

Қазақстанда жаңа газ кен орындарын игеруде
Фото: primeminister.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын кеңейту және геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Атырау облысындағы «Қаратон Тұзасты» жобасы бойынша 2025 жылы тереңдігі 5 750 метр болатын ұңғыма бұрғыланғанын, бірінші және екінші объектілерді сынау нәтижесінде газ ағыны алынғанын, бүгінгі таңда үшінші объектіні сынау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Барлық объектіні сынау аяқталғаннан кейін қорларды растау әлеуеті айқындалатын болады.

Бұған қоса, осы жылдың соңына дейін жоба аясында тереңдігі 6 000 м екінші ұңғыманы бұрғылауды бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында «Болашақ» жобасын жүзеге асыруда, жоба аясында осы жылғы үшінші тоқсанның соңына дейін тереңдігі 3 500 метр болатын бірінші іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастау жоспарланған.
“Жылыой” және “Березовский” екі жаңа жоба бойынша бүгінгі таңда ірі қытайлық серіктестер – CNOOC мен Sinopec компанияларымен келісімшарттар жасалды. Осы жылғы күзде сейсмикалық барлау жұмыстары басталады»,— деп толықтырды Асхат Хасенов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді