Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Медицина қызметкерлері күніне арналған жаппай жүгіру іс-шарасы өтті

Астанада Медицина қызметкерлері күніне арналған жаппай жүгіру іс-шарасы өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы Триатлон паркінде Медицина қызметкерлері күніне арналған жаппай жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорттық іс-шараға медициналық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, профильдік оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және халық денсаулығын сақтауға күн сайын үлес қосып жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегіне алғыс білдіру.

Қатысушылар белгіленген қашықтықты ерекше көңіл күйде еңсерді. Жарыс басталар алдында қатысушыларға арнайы дене қыздыру жаттығулары өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтуға, тұрғындарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға ынталандыруға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық және қызметтеріне табыс тіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді