Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрай ісі бойынша тергеу аяқталды

Нұрай ісі бойынша тергеу аяқталды
Фото: Tengrinews.kz

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың аяусыз өлтірілуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аянхан Омаровтың айтуынша, жәбірленуші тарап қылмыстық істің 7 томымен танысып, олардың көшірмесін алған.

"Іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. Қазіргі уақытта процеске қатысушылардың қылмыстық іс материалдарымен танысуы жалғасып жатыр. Бұл процедура аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек беріледі", – деді адвокат.

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болды. Бейнебақылау камералары күдіктінің Нұрайдың соңынан еріп барып, пышақ жарақатын салғанын тіркеген. Сондай-ақ қанды оқиғаға дейін бірнеше ай бойы сталкинг (аңду) және алып қашу деректері болғаны анықталды.

Сәуірде күдікті тергеу изоляторынан Алматы облысы Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға ауыстырылған болатын.

Отбасының адвокатының бұған дейін берген мәліметі бойынша, 28 жастағы күдіктіге қатысты бірқатар сараптама тағайындалып, ол мамандардың бақылауымен қарқынды ем қабылдаған.

Осы ретте қаза тапқан қыздың туыстары күдікті жүйке ауруын сылтауратып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін деп қауіптенген еді.

Алайда 30 сәуірде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы бойынша күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылғанын хабарлады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді