Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Келешек мектептері»: оқушылар жазғы демалысын білім мен шығармашылыққа ұштастыруда

«Келешек мектептері»: оқушылар жазғы демалысын білім мен шығармашылыққа ұштастыруда
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Еліміздегі «Келешек мектептері» жанындағы жазғы лагерьлерде балалардың демалысын мазмұнды ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Бағдарламалар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және заманауи дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Астана қаласындағы №101 Келешек мектебінде «Атамекен» этно-лагері жұмыс істеуде. Мұнда 300-ге жуық оқушы этно-патриоттық, ғылыми-технологиялық және шығармашылық бағыттағы іс-шараларға қатысуда.

Лагерь бағдарламасы аясында балалар ұлттық тарих пен мәдени мұраны танып-біліп, қазақ тілін интерактивті форматта меңгеруде. Сонымен қатар IT және дрондарды басқару негіздерімен танысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік сабақтарға қатысуда.

Күн сайынғы бағдарлама таңғы жаттығудан басталып, танымдық сабақтармен, шығармашылық жұмыстармен және түрлі квесттермен жалғасады.

Педагогтердің айтуынша, лагерь оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды