Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Marvel Camp» және этноауыл: астаналық оқушылар жазғы демалыста ләңгі теуіп, асық ойнайды

«Marvel Camp» және этноауыл: астаналық оқушылар жазғы демалыста ләңгі теуіп, асық ойнайды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласындағы Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейі жанынан оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Marvel Camp» жазғы лагері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Лагерь бағдарламасы балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жазғы лагерь аясында ұйымдастырылған «Этноауыл» және «Green City» аймақтары оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттырып, зерттеушілік, шығармашылық және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп ауласында арнайы тігілген киіз үй балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. «Этноауыл» жобасы барысында оқушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен және ұлттық ойындарымен танысты. Онда балалар бес асық, тымақ ұру, хан талапай, ләңгі тебу, садақ ату секілді ұлттық ойындарға қатысып, халқымыздың тарихы мен мәдениеті туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығын түсініп, ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеуге бағытталған танымдық іс-шараларға белсене қатысты.

Лагерьдегі ерекше локациялардың бірі – «Green City» экологиялық аймағы. Бұл жоба оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Аталған аймақта өсімдік отырғызу, көгалдандыру, гүлдер мен ағаштарды күтіп-баптау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде қатысушылар экожүйені сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және табиғатқа жанашырлықпен қарау қағидаттарын тәжірибе жүзінде меңгерді.

«Біздің жазғы лагерімізге күн сайын шамамен 280 бала қатысады. Лагерь аумағында 7-8 түрлі бағыттағы локация жұмыс істейді. Әр локация арқылы балалар жаңа білім алып, түрлі өмірлік дағдыларды меңгереді. Бүгін – Балаларды қорғау күніне орай лагерь маусымының салтанатты ашылуын жасадық. Осыған байланысты таңертең сағат 8:30-дан бастап оқушыларды қабылдағанбыз. Сағат 9:00-де таңғы жаттығу өткізіліп, одан кейін балалар таңғы аспен қамтылды. Осылайша, күннің негізгі бөлігінде түрлі танымдық, спорттық, шығармашылық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығына қарай әртүрлі үйірмелер мен жобаларға қатыстырдвқ.

Жалпы лагерімізде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Тамақтану, медициналық бақылау, демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселелерінің барлығы толық қамтылған. Әр отрядқа екі тәлімгерден бекітілген. Олар – мектебіміздің білікті мамандары. Тәлімгерлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, тәртіп сақтау, өзара сыйластық, ұжымдық жұмыс және жауапкершілік қағидаларын үйретеді. Басты мақсатымыз – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізіп, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау», – деді Айна Күлсімбайқызы.

Айта кетейік, «Marvel Camp» жазғы лагері балалардың демалысын мазмұнды ұйымдастырумен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба болып саналады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды