Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қоршаған ортаны қорғау саласының үздіктері марапатталды

Шымкентте қоршаған ортаны қорғау саласының үздіктері марапатталды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін табиғатты қорғауға арналған ең маңызды халықаралық күндердің бірі - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күннің басты мақсаты қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру болған. Қазақстанда да экология мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын үнемі атап өтіп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бастамашы болған «Таза Қазақстан» жобасы бүгінде қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастамаға айналды. Осы айтулы күнге орай, Шымкентте салтанатты іс-шара өтіп, табиғатты қорғау саласының дамуына үлес қосқан үздік мамандар марапатталды. Бүгінгі өткен жиында сөз сөйлегендер экология мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін бірауыздан атап өтті.

– Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи ресурстарды сақтау ісінде экологтардың еңбегі ерекше. Бүгінгі марапат – осы сала мамандарының қажырлы еңбегіне берілген лайықты баға, – деді Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.

Шара барысында көп жылдар бойы табиғатты қорғау саласында еңбек еткен бірқатар мамандар марапатталды. Олардың қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Экология» кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Абдуова бар. Айсұлу Алшыбекқызы ғалым ретінде қалалық ортаны санациялауға арналған экоконструктивті модульдердің инновациялық технологиясын әзірлеген жобаның авторы. Ғалымның бастамасымен автобус аялдамаларын көгалдандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын тігінен көгалдандыру, экологиялық таза автотұрақтар құру бағытындағы жобалар жүзеге асырылып келеді. Сондай-ақ, экология саласында 1988 жылдан бері табанды еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыста жүрген Валентина Лукьянова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Бұл марапат оның табиғатты қорғау саласындағы ұзақ жылғы адал қызметі мен кәсіби еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болды.Экология күніне арналған шара табиғатты қорғау жолында еңбек етіп жүрген мамандардың қоғамдағы рөлін тағы бір мәрте айқындап, қоршаған ортаны сақтау ісіне әр азаматтың үлес қосуы маңызды екенін көрсетті. Экологияны қорғау бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз ететін ортақ міндет екені айқын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды