Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскесін жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Жоба магистральдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, желінің өткізу қабілетін арттыруға және пойыздардың тұрақты әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Разъездердің көпшілігінде негізгі жер жұмыстары аяқталды, рельс-шпал торын төсеу және жолдарды балластау жұмыстары жалғасуда. Бағыттауыш бұрмаларды қиып орнату және темірбетон су өткізу құбырларын ұзарту жұмыстары орындалды. №12 разъезде көпір салу жұмыстары жүріп жатыр: негізі дайындалып, іргетас элементтері мен темірбетон тіреулер монтаждалды, сондай-ақ қалыптар орнатылды.

Дабыл беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелері бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Магистральдық кабельдері мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу аяқталды. Қазіргі уақытта мамандар кабельдерді сынақтан өткізу, жалғағыш және тармақтағыш муфталарды монтаждау, жол жәшіктерін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондай-ақ блок-учаскелерді іске қосу-баптау жұмыстарына дайындауда.

Барлық іс-шаралар бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізілуде.

Жоба аяқталғаннан кейін «Бейнеу – Маңғыстау» учаскесі қабылдау-жөнелту жолдарының заманауи инфрақұрылымымен және пойыздар қозғалысын ұйымдастырудың жаңартылған жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл тасымал қауіпсіздігін арттыруға, магистральдың өткізу қабілетін айтарлықтай өсіруге және өңірдегі теміржол көлігінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асырылуы аталған учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне 12-ден 17 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны аяқтау 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды