Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар әуежайын қайта жаңарту жұмыстары мен жаңа көпірдің құрылысы қалай жүріп жатыр

Павлодар әуежайын қайта жаңарту жұмыстары мен  жаңа көпірдің құрылысы қалай жүріп жатыр
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы ұзындығы 691 метрді құрайтын еліміздегі алғашқы экстрадозды көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда алты тіректің төртеуі орнатылды. Маусым айында мердігер ұйым өткел құрылымын бетондау жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде көлік министрі Марат Қарабаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында мәлім болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, құрылыс жұмыстары қарқыны бекітілген кестеден озып келеді. Осыған байланысты мердігер ұйымы алдына нысанды жоспарланған мерзімінен бұрын аяқтау міндеті қойылды.

Жаңа көпір төртжолақты болады. Ол 60 жылдан астам уақыт бойы қолданыста келе жатқан апатты жағдайдағы ескі көпірдің қасына салынып жатыр. Жобаны іске асыру жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға және жолдың өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Құрылысты отандық мердігер ұйым жүргізіп жатыр. Құрылысқа 220 маман мен 61 арнайы техника жұмылдырылған. Жаңа көпір ескі көпірден 5 метрге жоғары болады. Бұл Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар көпірге заманауи бақылау жүйесін орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Павлодар қаласы әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында ұшу-қону жолағы мен жарық белгілері жүйесі толық жаңартылады. Әуежай аймағында бейнебақылау жүйесі, жарық шамдары мен қоршау орнатылады. Қазіргі таңда жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылысқа екі ауысымда 32 бірлік техника мен 75 жұмысшы жұмылдырылған. 

Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған соң Павлодардан Алматы, Астана және Анталья қалаларына әуе рейстерін іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, қосымша халықаралық бағыттар ашу мүмкіндігі де қарастырылуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті