Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азия чемпионы атанған елордалық палуан елге оралды

Азия чемпионы атанған елордалық палуан елге оралды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында елордалық спортшы Айбек Айтбеков грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Жеңімпазды елге оралған сәтте қалалық спорт мекемелерінің басшылары мен ұжымы, ата-анасы, бапкерлері және күрес түрлері федерациясының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында чемпионға ыстық лебіздер айтылып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектес екендері білдірілді.

«Азия чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Бапкерлерімізбен бірге нақты мақсат қойып, соған сай дайындалдық. Алдағы жоспарым – босаңсымай, U23 жастар арасындағы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалу. Бұдан бөлек, ағайларымның айтуымен алдағы жарыстарға да дайындық жұмысын жалғастырамыз», – деді Азия чемпионы Айбек Айтбеков.

Айбек Айтбеков осыған дейін де халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерімен танылып келеді. Ол – Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.

Сонымен қатар, еркін күрестен елордалық балуан Ризабек Айтмұхан 125 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.

Айта кетейік, аталған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 7 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді