Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық таеквондошы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды

Астаналық таеквондошы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының таеквондошы Айым Серікбаева (-44 кг) жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол Понсе Нуньес Дара Ширлиді (Мексика) 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, араға 20 жыл салып Айым Серікбаева Қазақстанға жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Бұған дейін таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медальді 2006 жылы жеңіп алған.

Сонымен қатар, жас таеквондошы Айым Серікбаеваның Азия чемпионы және жастар Азия ойындарының жеңімпазы атағына әлем чемпионы титулы қосылды.

Айта кетерлігі, Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді