Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ел чемпионатында елордалық грек-рим балуандары екі қола медаль еншіледі

Ел чемпионатында елордалық грек-рим балуандары екі қола медаль еншіледі
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер (U17) және жастар (U20) санатында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионат қорытындысы бойынша елордалық балуандар екі қола медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сұлтан Мәулітқанов пен жастар арасында 87 келіде белдескен Қайсар Қайрат тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Біріншілікке еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам жас балуан қатысуда. Бұл – жас спортшылар үшін өз шеберліктерін дәлелдеп, үлкен спортқа жол ашатын маңызды дода. Әр салмақ дәрежесінде топ жарған спортшылар Қазақстан құрамасының сапына қосылып, халықаралық және ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, ел біріншілігі алдағы күндері әйелдер күресі мен еркін күрес бәсекелерімен жалғасады. Қазақстан чемпионаты Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені ғимаратында өтуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады