Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық спортшы аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионы атанды

Татарстан астанасы Қазанда аралас жекпе-жектен (ММА) Еуропа чемпионаты аяқталды. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Елордалық жауынгер Ерсұлтан Шәкенбай үздік атанып, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Еуропа ашық чемпионаты жастар мен ересектер арасында, яғни 18-20, 21+ жас санаттары бойынша өтті.

«Жыл бойы Еуропа чемпионатына үзіліссіз дайындалдым. Бұл жеңіс біріншіден, еңбектің арқасында, екіншіден, бапкерім Нұрлан Шаяхметұлының арқасында мүмкін болды деп санаймын. Алдағы мақсатым – әлем чемпионы атану», – деді Ерсұлтан Сержанұлы.

Ерсұлтан жартылай финалда ресейлік Мұхамедамин Мукумовты, ал финалда Ресейдің тағы бір спортшысы Николай Веретенниковты жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.

Нұр-Сұлтан қаласының аралас жекпе-жектен аға жаттықтырушысы Нұрлан Қарабалин жарысқа дайындық ұзақ уақыттан бері жүріп жатқанын атап өтті. 

«Алматыдағы оқу-жаттығу жиындары дайындығымызға ықпал етті. Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Елге оралғаннан кейін қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз. Әлем чемпионатында да жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамыз», – деді Қарабалин.

Айта кету керек, Ерсұлтан Шәкенбай – Нұр-Сұлтан жастары арасында Еуропаның алғашқы чемпионы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі