Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада синтетикалық есірткі сақтау дерегі әшкереленді

Елордада синтетикалық есірткі сақтау дерегі әшкереленді
Фото: polisia.kz

Астанада есірткі заттарын сақтау және тарату күдігімен 21 жастағы жігіт ұсталды. Күдіктіден жалпы салмағы 1 келіге жуық альфа-PVP тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шетелде білім алып жүрген студент заңсыз жолмен табыс табуды көздеген. Жедел іс-шаралар барысында ол полиция қызметкерлерімен тексеру үшін тоқтатылған. Жеке тінту кезінде оның күртесінің ішкі қалталарынан жасыл изолентамен оралған төрт ірі орама табылып, тәркіленді.

Орамалардың ішінде өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған қаптамалар болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 500 грамнан асатын альфа-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Кейінгі іс-шаралар барысында күдіктінің тәуліктік жалға берілетін пәтер жалдап, онда осыған ұқсас қосымша есірткі партиясын сақтағаны белгілі болды. Аталған пәтерден шамамен жарты келі есірткі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады