Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды

Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада Халықаралық отбасы және Аналар күніне орай «Анаға тағзым» аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты жиында алғаш болып сөз алған Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Молдабек отбасы институтының маңызы, ананың қоғамдағы рөлі мен ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы айтты.

«Ана деген бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деп қазақ ежелден аналардың отбасындағы қадірін ерекше атап көрсеткен. Әр адамның бойындағы қасиеті, тәрбиесі, отансүйгіштігі аналарымыздың ақ сүтімен беріледі. Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін. Өсіріп-жатқан ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер», – деді Қуаныш Молдабек.

Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, жазушы Камал Әлпейісова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Сұңқар Хангелдина, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова барша аналарды мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара барысында бала тәрбиесі мен қоғамдық өмірде белсенділігімен танылған аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама қаланың жасыл белдеуін кеңейтіп қана қоймай, тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

«Бүгін елордада өте мағыналы іс-шара өтіп жатыр. «Анаға тағзым» аллеясының ашылып жатқанына қуаныштымыз. «Анаға тағзым» деген сөздің өзі – үлкен құрметтің белгісі. Бұл елордамызға көрік беретін орын болады деп ойлаймын. Қазақ жылы лебізін білдірген кезде «жапырағың жайылсын» деген тілек айтады ғой. Ұрпақ ана арқылы өсіп-өнеді. Ана деген – жайқалған жасыл желекпен бірдей ұғым. Сол аналарымыз сияқты бүгін егіліп жатқан біздің әр ағашымыздың да жапырағы жайылып, бұл жер жанға сая көрікті орынның біріне айналсын деп тілеймін», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Светлана Айтбаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді