Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы хатта Понтификтің бейбітшілік идеясы мен диалогты ілгерілету жөніндегі дәйекті уағызы адами қадір-қасиетті дәріптеп, халықтар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен.

Президент Қазақстан мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және байланыстарды одан әрі тереңдету ниетін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да растады.
– Сіздің сапарыңыз серіктестігімізге жаңа мазмұн дарытып, аймақтағы елеулі уақиғаға айналатынына сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Папа XIV Леоға ізгі мұратын іске асыру жолында зор денсаулық және қажымас қайрат тіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді