Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнермен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, елімізге Аустрия министрлерімен бірге іскерлік орта өкілдерінен құралған делегацияның келуі маңызды екенін атап өтті.

– Аустрия Үкіметінің екі бірдей министрінің елімізге сапармен келуі өзара ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды. Аустрия – Қазақстанның сенімді әрі бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі. Сіздердің экономикамызға құйған инвестицияларыңыз 3 миллиард доллардан асты, сондай-ақ сауда айналымының көлемі ұлғайып келеді. Бұл өте жақсы үрдіс. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және ЕҚЫҰ аясында тығыз қарым-қатынас орнаттық. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Аустрия – көптеген бағытта қарқынды дамыған ел. Сондықтан қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалаймыз. Сіздер үшін Қазақстан аймақтағы маңызды рөлін сақтап қалады деген сенімдеміз. Қазіргі таңда Аустрияның Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы сауда қатынастарында Қазақстанның үлесі 80 пайыздан жоғары, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволары арасындағы ықпалдастықтың жандануын құптады. Атап айтқанда, биыл мамыр айынан бастап дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим туралы және реадмиссиялау жөніндегі келісімдер күшіне енді. Мемлекет басшысы заманауи сын-қатерлердің трансшекаралық сипаты ұлғайып бара жатқанына тоқталып, осы орайда құқық қорғау органдарының өзара байланыстарын тереңдету қажет екенін айтты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады